ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жергілікті жерлерде модульдік медицина нысандарын салуды тапсырған еді. Осы орайда Алакөл ауданы, Көкжар ауылының тұрғындарына сапалы медициналық қызмет көрсету мақсатында дәрігерлік амбулатория  бой көтеріп, халық игілігіне пайдалануға берілді.

Салтанатты шара шымылдығын аудан әкімі Алмас Абдинов ашып, тұрғындарды құттықтады. Сонымен бірге Жыланды ауылдық ардагерлер кеңесінің мүшесі Мұратхан Мереев сөз алып, еңбек ардагері Ілияс Қасымов ақсақал батасын берді.

Емдеу мекемесінің лентасы қиылғаннан кейін, келген қонақтар мен ауыл тұрғындары мекеме жұмысымен танысып, ішін аралады. Тапсырыс беруші «Алакөл ауданы әкімі аппараты» ММ, мердігер –  «Qaz Damu Construction» ЖШС. Жобаның жалпы құны – 39 миллион теңге. Дәрігерлік амбулатория 2 адамды жұмыспен қамтып отыр.

Алакөл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

By karatal

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *