Алакөл ауданының орталығы Үшарал қаласы тоғыз жолдың торабында орналасқан. Сәні мен сәулеті жарасқан қала жылдам дамып келеді. Жыл сайын мұнда саябақтар мен аллеялар салынып, әлеуметтік нысандар бой көтеруде.

Атап айтсақ, биылғы жоспарға сәйкес, Үшарал – Достық республикалық маңыздағы тас жолын көгалдандыру, абаттандыру аясында Үшарал қаласы Д.Қонаев көшесінде аудан тұрғындары мен қонақтардың демалыс орнына айналатын тағылымы мол, жас ұрпаққа рухани мұра қалдыратын, қаланың келбетіне көрік беретін «Пилон» орнатылды.

Аталған нысанда Қазақ хандығының құрылғанынан бастау алып, мемлекетіміздің Тәуелсіздік жылдарында жеткен жетістіктері, тарихи тұлғалар мен ескерткіштер бейнеленген.

Бұдан бөлек, жоспарға сәйкес Үшарал қаласының Қабанбай – Дулепов көшесінен бастау алған 1 шақырымға жуық аллея құрылысы жүргізілуде. Аталған нысан құрылысы аяқталғаннан кейін халық игілігіне беріледі.

 

Айдана ТЫНЫСБЕКОВА,

Алакөл ауданының ішкі саясат, мәдениет,

тілдерді дамыту және спорт бөлімінің бас маманы

By karatal

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *