Панфилов ауданындағы Жаркент қаласында ең алғашқылардың бірі болып қала тұрғыны, 100 жастағы апа Зейнелхан Оспанова өз дауысын беруде. 12 құрсақ көтерген алтын алқа иегері саналы ғұмырындағы барлық саяси науқанға белсенді әрі ең алғашқылардың бірі болып қатысып келе жатқанын айтады.

«Естіп жатырмыз Жаңа Қазақстанды құрамыз деп. Оны үкімет емес біз бәріміз құруымыз керек.
Ешкім қалмай өз дауысын берсе соған ат салысқаны сол. Еліміз аман болсын. Бала-шағамыз аман, Қазақстанымыз көркейе берсін» деген кейуанаға №739 сайлау учаскесі дәстүр бойынша алғашқылардың бірі болып дауыс берген апаға естелік сыйлық табыстап, құрмет көрсетті.

Жалпы Панфилов ауданы бойынша 74 сайлау учаскесі болса, 85 мыңға жуық тұрғын дауыс берушілер санатында.

By karatal

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *