Еліміздің қай өңірі болсын жұмыссыздық тақырыбы әлі де өзекті екені жасырын емес. Сондықтан мемлекет тарапынан жұмыссыздықпен күрес мәселесі жүйелі түрде қолға алынған. Солардың ішінде Enbek Ұлттық жобалар бойынша электрондық еңбек биржасы туралы біліп жүргеніміз абзал.
Осынау Ұлттық жобалар бойынша жұмыс орындарының Бірыңғай платформасында мамандықты, ұсынылатын жалақыны, талап етілетін дағдыларды көрсете отырып, барлық өңірдегі ірі кәсіпорындар мен шағын және орта бизнес өкілдеріне ең керекті бос жұмыс орындары орналастырылған. Жұмыс керек деп жүрген кез келген адам 3 қарапайым қадамды жасау арқылы Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға үлес қоса алатынын айтқымыз келеді. Бірінші қадам – түйіндемеңізді жасап, оны жұмыс берушіге жіберіңіз. Екінші қадам – өзіңізді қызықтыратын бос жұмыс орнын Бірыңғай платформада таңдаңыз. Үшінші қадам – жұмыс берушімен сұхбаттасып, еңбек шартын жасаңыз. Бұл жөнінде толығырақ білгіңіз келсе жергілікті жұмыспен қамту орталықтарына жүгінген жөн.
Балгерім ТҰМАН