Дін – бейбітшілік деген мағынаны білдіреді. Ал «мұсылман» – деген нәрсе бойұсунышы дегенге саяды. Егер расыменде құдайдың құлы Пайғамбарымыз с.а.с үмбетімін деп айтар болсаңыз онда әрбір іс-әрекетте соны дәлелдеу қажет. Сондықтан да қазіргі таңда мен мұсылманмын деп «Қойдың терісін киіп» атын жамылған небір топтар мен кері ағымдар бар. Оларға ілесіп кетпеу үшін діни білімді тек ҚМДБ басқармасының бұйрығы мен рұқсаты бар имам немесе ұстаздан алған дұрыс. Ал нағыз мұсылманды ғалымдарымыз былай сипаттайды: сөзімен, тілімен, басқа да дене мүшесімен өзгелерге зиян тигізбесе ол нағыз мұсылман дейміз, – деп сипаттайды. Уағыз айта беру әрбір мұсылман адам өз тарапынан білгенінше уағыз айта бере алады. Қазіргі таңдағы статистикаға сүйенсек Қазақстан мемлекетінде 80% пайызын Абу-Ханифа мазхабы құрайды қалған 20% пайызы басқа ағымдағы жамағаттар топтары. Ең көп тарап жатқандары Салафизм және Таблиғи жамағаттар. Бастапқыда мінездері жақсы болып қарсы алып, психологиялық шабуылдар жасап, адамның сенімін толық алады. Арабиядағы пәленбай шейхтар былай деп жатыр, нағыз дін біздікі имамдарға сенбе деп сізді хақ ислам жолынан тайдырады. Егер уағыз айтатын адам болса ол кісі дәлел дәйектермен айтқаны дұрыс. Бірінші Құран, екінші хадис, ғалымдардың пікірі болмаса қиястардан табуға болады.

Заман дамыған уақытта әлеуметтік желілер де қарқынды даму үстінде. Ютуб, гугл, инстаграм, тик-ток секілді сайттарда отырғанда да, өте сақ болу керек. Қазақстанда ислам дінін тарату және насихаттау, уағыз айту – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының құзырындағы дүние. Жамағатқа діни уағыз айту – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тарапынан бекітілген мамандарға тиесілі. Бүгінде елімізде ата дініміздің қағидаларына, ұлттық салт-дәстүрлерге мән беретін жақсы үрдіс жаңғырып келеді десек артық айтпаспыз. Оның нақты дәлелі, қазір жастарымыздың басым көбі темекі, арақтан бойын аулақ ұстайды. Үлкенді сыйлап, кішіні аялайтын ұлттық болмысқа мән береді. Интернеттен осы құндылықтар жайында ой бөлісу, білгенін ортаға салу, білмемегенін сұрау секілді үрдістің өріс алып келе жатқаны жанды қуантады. Алайда, терең діни білімі жоқ адамдардың дін қағидаларын, Құран аяттарын өзінше түсіндіруі жастардың ой-санасын дұрыс қалыптастыруға кері әсерін тигізуі мүмкін. Халық арасында: «Білмей шалқып сөйлеуден, сөйлемей қойған бес артық» дейтін керемет сөз бар. Сондықтан, діни қағидалар, ұстанымдар туралы білімді жастарымыз интернеттегі кез келген ақпарат көзінен емес, Қазақстан діни басқармасы белгілеген сайтттардан алғаны дұрыс. Себебі әр саланың маманы, білгірі болатыны сияқты, дін саласының да мамандары бар. Сондай адамдардың ақыл-кеңесіне жүгінбей, ғаламторға кіріп, қалаған сұрағын қойып, кез келген ақпарат көзінен мағлұмат алудың түбі жақсылыққа апармайды. Тіпті, ондай жастарды жат пиғылды сайттар қасақана адастырып, біртіндеп өз мақсаттарына пайдаланып кетуі мүмкін.

Бастапқыда бәрі жақсы сөйлейді, тартымды болып басталады. Кейде оның соңын немен байланыстыратынан насихат айтушының өзі де білмейді. Мұның соңы адасушылыққа апарады. Осындай адасудан сақтану үшін, Қазақстанның діни басқармасында ғалымдар мен ғұламалар кеңесі құрылған. Әр облысқа арнайы, сауатты имамдар бекітілген. Адамдар қандай да бір сұрақ туындай қалғанда дереу ғаламторды ақтармай, өзі тұрып жатқан жердегі мешіт имамдарымен, ондағы ұстаздармен хабарласып, тікелей немесе олардың ғаламтордағы мекенжайы арқылы бағыт-бағдар алуына, түйінді сұрақтар қоюына болады. Бүгінде жастардың діни білім аламын деп адасуы, тіпті жат ағымдардың жетегінде кетуі көп жағдайда діни білімнің қайнарын, бұлақ көзін дұрыс таба алмауымен байланысты.

Тарихқа зер салсақ, ата-бабаларымыз дінді жүрекпен, санамен қабылдаған және оны ұлттық болмыстың бойына сіңіре отырып, ұлттық салт, өмір дағдысы негізінде ұстанған. Ол кезде мұсылмандар көп болды және бүгінгідей террорист, уахабист, радикализм дегендерден ада еді. Себебі олар бір мектептің, бір мазхабтың, бір имамның бағыт-бағдарымен жүрді. Мейлі еліміздің батысын, мейлі шығысын алыңыз да олардың ұстанымдары сіз бен біз секілді ұстанымдары бірдей болды. Себебі, ол кезде ақпараттың бүгінгідей мүмкіндігі, ғаламтор болған жоқ. Ал, қазір әрбір адам қолындағы смартфон арқылы әлемдік жүйеге қосыла алатын мүмкіндікке ие. Осыны пайдаланып кез келген адамның дін туралы уағыз айтуы дұрыс емес. Бұл жерде уағыз айтушының білімі мен қабілеті болуы керек демекпін.

Құранда Алла «Білмесеңдер білетіндерден сұраңдар» деген. Демек, айту үшін сол туралы сенде жетерлік білім болуы керек. Сондықтан, жастарымыз ғаламтордағы дін туралы уағыз айтушылардың тәтті сөзіне бірден еліктеп кетпеуі, оның кім екенін жан-жақты біліп алуы дұрыс. Тілі тәттінің бәрі жанашыр емес, тартымды сөздері біртіндеп қақпанға айналуы да мүмкін екенін естен шығармаған жөн. Бірінші кезекте сол тыңдап жүрген уағызшы Қазақстан діни басқармасында қызмет істей ме? Оның біздің ата баба ұстанған жол – Әбу Ханифа мазхабына сәйкес келе ме?, халқымыздың ұлттық болмысын қаншалық біледі? Ұлт ұлылары туралы ше? Тыңдап жүрген уағызшы арнайы бекітілген насихатшы ұстаз ба? Міне, осындай сұрақтар арқылы уағыз айтушыны зерделеп алған артық болмайды.

 

Бердібек НҰҚТАРҰЛЫ, Қаратал аудандық «Орталық» мешітінің бас имамы

By karatal

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *