2022 жылдың шілде-тамыз айлары аралығында оқушыларды мектепке дайындауға байланысты аудандық «Балаларға қамқорлық» акциясы жүргізілуде. Осыған орай, әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасы балаларына демеушілік көмек көрсетіп, жаңа оқу жылына дайындау, балалардың мектепке баруына мүмкіншілік тудыру мақсатында мектеп формасы, оқуға қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету үшін демеушілік көмек көрсетіп, қайырымдылық жасап, үлкен жүректілік танытады деген сенімдеміз.
«Жақсылық пен игілікті іс жасау – үлкен адамгершіліктің белгісі», адамдардың бір-біріне жиі жақсылық жасауы оларды жақындастырады, достастырады деп дана халқымыз айтқандай, жақсылық жасауға асығайық!
«Қаратал ауданы бойынша білім бөлімі» ММ-сі