Қазақстан Республикасы заң жобалары «Ашық НҚА» интернет порталында 2022 жылдың 28 қыркүйек айынан бастап орналастырылғанын хабарлап, 2022 жылы 10 қазандағы Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Ә.А.Смайыловтың өткізген заң жобалары, Үкімет қорытындылары және заң жобасына түзетулер презентациясы туралы Хаттамасының 1.2.2-тармағында жергілікті өзін-өзі басқару туралы заң жобаларының негізгі ережелерін халықпен кеңінен талқылауды қамтамасыз ету тапсырылған, осыған байланысты Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы №826 Жарлығына сәйкес барлық деңгейдегі әкімдердің халықпен кездесулерінің икемді жылдық күнтізбесімен өткізіліп жатқан кездесулерде тұрғындарға «Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқару туралы» және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті өзін-өзі басқару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобаларының негізгі ережелерін халықпен кеңінен талқылау көзделген.

Заманауи әлемде мемлекеттің әл-ауқаты азаматтардың мүмкіндігін тиімді пайдаланумен айқындалады. Сондықтан көптеген дамыған елдер жергілікті өзін-өзі басқару үлгісін жетілдіруге ұмтылады. Биліктің осы деңгейі халыққа барынша жақын, солар қалыптастырады, оның бақылауында және халықтың негізгі өмірлік қажеттілігін қамтамасыз ету мәселесін шешеді. Жергілікті өзін-өзі басқару орынды құрылса, тек жергілікті ресурстардың шығыны оңтайланып қана қоймай, сонымен қатар халықтың билікке деген сенімі елеулі түрде артады.

Дамудың бүгінгі кезеңінде мұндай мәселе Қазақстанның алдында да тұр. Басқару жүйесінің тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру әкімшілік-аумақтық бірлік халқының тіршілік әрекетін тікелей қамтамасыз ететін функцияларды жергілікті өзін-өзі басқаруды реттеу саласына беру қажеттілігін негіздейді.

Алайда бұл объективті тұрғыдан қажетті процесті көптеген мәселелердің шешілмегендігі мен заңнамалық реттеудің әлсіздігі тежейді. Қазақстанда жергілікті өзін-өзі басқаруды енгізудің және тиісті заң жобаларын әзірлеу әрекетінің негізгі кемшілігі олардың алдын ала тұтас жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін қалыптастырмай, үзінді ретінде жүзеге асырылғаны болып табылады.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқару мәселесін регламенттейтін актілер Қазақстан Республикасының Конституциясы мен “Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заң болып табылады.
2007 жылы Конституцияға жергiлiктi өзiн-өзi басқаруды халық тiкелей, сондай-ақ мәслихаттар мен басқа да жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары арқылы жүзеге асыратындығы айқындалған толықтырулар енгізілді. Заңнамада әкім мемлекеттік басқару функцияларымен қатар жергілікті өзін-өзі басқару функцияларын да жүзеге асыратыны, ал жергілікті деңгейдегі мәселені талқылау үшін жергілікті бірлестіктердің тікелей ерікті жиналыстарын (жиындарын) өткізуге болатыны белгіленген.

By karatal

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *