Ия, себебі бұл мәселе бүгінгі қоғамымызда шешімін таппай келе жатқан өзекті мәселелердің біріне айналды. Жеңіл ақшаға булыққан алаяқтар қарапайым ғана халықты алдап-сулап, сендіріп, қалтасындағы бар жиғанын, оған қоса, онлайн берілетін несиеге ақша алдыртып, қан қақсатуда.

Биылғы 2022 жылы алаяқтық ерекше белең алуда. Олай дейтін себебіміз, ағымдағы жыл басынан Қаратал аудандық сотына алаяқтық баптары бойынша тиісті санкциялар алу үшін тергеу органынан 18 өтініш келіп түсті, бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 1,5 есе көп.

Қоғамдық-әлеуметтік жағдайды пайдаланған алаяқ қылмыскерлер азық-түлік мәселесі, кеңсе қажеттіліктері, жұмысқа орналасу бойынша және де т.с.с. мәселелермен телефон арқылы хабарласуы мүмкін.

Алаяқтық фактісіне байланысты құқық қорғау органдарының баянаттарын қарай келе, алаяқтар қарапайым азаматтардан/азаматшалардан уәделі затын жіберу үшін алдымен белгіленген соманың бір бөлігін ғана ұялы банк қосымшалары арқылы аударып жіберуді сұрайтынын көреміз. Одан әрі, әр-түрлі себептерді желеу ете отырып соманың басқа бөліктерін әр-түрлі шоттарға аудартып, кейіннен онлайн-несие ресімдетіп, тұрғындарды ерекше ауыртпалыққа түсіруде.

Іздерін суыту және құқық қорғау органдарының сотқа дейінгі тергеп-тексерулеріне тосқауыл қою мақсатында алаяқтар БІРІНШІДЕН – сізбен тек қана WhatsApp, Instagramm желісі арқылы (және т.б. ұялы қосымшалар арқылы) ғана сөйлеседі, ЕКІНШІДЕН – қаржы-қаражатыңызды шетелдік банктердің шоттарына аударуға тырысады.

Жалпы алғанда, алаяқтық көбінесе интернет, ұялы қосымшалар арқылы жасалатынын тілге тиек ету қажет. Осы себептен, қолдағы бардан айырылмау үшін – тексерілмеген компаниялардан, таныс емес адамдардан материалдық игіліктерді алудан аулақ болғанды жөн санаймыз.

 

А. Мұхтарұлы, Қаратал аудандық сот кеңсесінің бас маманы.

By karatal

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *