Климат өзгерісі – ондаған жылдардан миллиондаған жылдарға дейін болуы мүмкін ауа райы үлгілерінің статистикалық таралуының елеулі, ұзаққа созылған құбылысы. Жалпы ауа райының өзгеріске ұшырауына парниктік газ, ғаламдық жылыну үрдістері жатады. Қазіргі кезде ғалым – академиктер өздерінің зерттеу жұмыстарында әлемнің орташа температурасы 20 °C градусқа жоғарылағанын мәлімдейді. Жер бетінің белгілі бір аймақтарында климаттың өзгеруі байқалып жатыр. Осындай өзгерістер Алакөл ауданында соңғы 50 жылда қалай болды? Бұл мәселеге байланысты өзім тұратын Үшарал қаласына зерттеу жұмысын жүргіздім.
Мекенімді бақылай келе, жауын-шашын мөлшерінің төмендеуі, аумақта құрғақшылықтың орын алуы белгілі болды. Алакөл ойысының аумағында 1 жылдағы тұманды күндер 10-нан 20-ға дейін қайталануы жылдың суық кезеңдерінде байқалды. Аумақта көктайғақ құбылысы сирек көрініс екені зерттеу барысында айғақталды. Сонымен қатар, Үшарал қаласының температурасы әрбір он жылда 0,2 пайызға көтеріліп жатқанын зерттедім. Өңіріміздің мұндай климаттық жағдайы көптеген ауыл шаруашылық дақылдарының өсуіне қолайлы, ал жылы маусымның ұзаруы олардың вегетациялық жекелеген кезеңдерінде үсік жүру қаупінің төмендеуіне, туристік аймақ Алакөлдің дамуына оң әсерін тигізеді.
Зерттеулерді аяқтап, қорытындылай келсем, Үшарал қаласы соңғы 50 жыл арасында шағын климаттық өзгерістерге ұшырағаны анықталды. Осыған орай, Алакөл демалыс аймағы республикалық дәрежедегі қамқорлыққа алынып, емдеу-сауықтыру кешендері көбірек салыну қажет деген ұсыныс бере аламын. Бұл әрекеттің арқасында өлкеміздің экономикасы дамып, өркендей бермек. Елім, жерім деп ұрандатқан әр қазақ баласы үшін туған жерінің өркендеуі үлкен мақтаныш.
Асель ҚАБАЙ,
Үшарал қаласы,
№2 орта мектебінің
9 сынып оқушысы