Өңіріміздегі ірі кешеннің бірі – «Тастөбе Агро Фуд» ЖШС-не Қаратал ауданы әкімінің орынбасары Ұлан Досымбеков арнайы барып, аталған ұжымды өңір басшысы Ерлан Исабековтың атынан кәсіби мерекелері – ауылшаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлері күнімен құттықтады.

«Сіздерге Отанымыздың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолындағы табанды еңбектеріңіз бен өз істеріңізге адалдықтарыңыз, туған жерге деген сүйіспеншіліктеріңіз үшін алғыс айтамыз. Біз сүт саласының бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін қолымыздан келгеннің бәрін жасауды жоспарлап отырмыз»,-деді Ұлан Әлдибекұлы.

2015 жылы іске қосылған серіктестіктің иелігінде бүгінде 700-дей асыл тұқымды ірі қара бар. Мұндағы 410 аналық бастан тәулігіне 6 тоннадан астам сүт алынады. Сүт майлылығының үлесі жоғары деңгейде, яғни 4,3 пайызды құрайды. Сондықтан да болар, шаруашылық сүтіне деген сұрасын жоғары. Ал, шаруашылықтағы сиырлар Альпі тауынан жеткізілген. ЖШС жетекшісі Шыңғыс Ахметовтің айтуынша, цифрландыру талабына орай мұнда жұмыстың дені автоматтандырылған жүйеде атқарылады. Мұндағы әр сауыншы неміс технологиясымен бір мезетте арнайы аппараттардың көмегімен 24 сиыр сауа алады және мал мен жалпы жұмыс процесінің барлық деректері «Dairy plan» жүйесінде сақталады. Шаруашылықта 65 адам жұмыс істесе, бүгінге дейін жұмысшыларға арнап серіктестік базасында 15 тұрғын үй салынған.

«Қаратал-Ақпарат»

By karatal

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *