Қаратал ауданы прокуратурасының ұйытқы болуымен 2022 жылдың 17 қарашасында «ЖЕТІСУ – АДАЛДЫҚ АЛАҢЫ» жобалық кеңсесі аясында, Қаратал аудандық пробация бөлімінң қызметкерлері С.Булумбаев пен А.Булегеновтың қатысуымен өздеріне қатысты пробация қолданылатын адамдарды жұмыспен қамту, әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша ашық есік күні ұйымдастырылды.
Іс-шара шеңберінде халықты жұмыспен қамту орталығының өкілдері қатысушыларға Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаны бекіту туралы» №728 қаулысының негізінде жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен (қысқа мерзімді оқыту, әлеуметтік жұмыс орындары, қоғамдық жұмыстар, жұмыс берушілерден түскен бос жұмыс орындарына (бос лауазым) тұрақты жұмыс, жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған гранттар) туралы кеңестер беріп, қажетті ақпараттық материалдар таратты.
Жұмыс берушілер тарапынан бос жұмыс орындары («Тамас» ЖШС, «Когер ЛТД» ЖШС, «Тастөбе АгроФуд» ЖШС, «Үштөбе Айдын» ЖШС, «Асыл тұқымды гибридті орталық «Қаратал» ЖШС, «Лад» ЖК, «Қаратал» ШҚ ) ұсынылды.
Шара қорытындысы бойынша 1 адам қысқа мерзімді оқытуға, 1 адам жастар практикасына қатысуға жазылса, 1 адам «Когер ЛТД» ЖШС тұрақты жұмысқа жолдама алды.
Ақжайық КІЛТБАЕВА, Қаратал ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығының директоры