ӨЗГЕРІСТЕР ОРНАУДА

Қазақстанда жаңа саяси кезеңдер орнауда. Көптеген өзгерістер орын алуда. Дәлірек айтқанда, Мемлекет басшысын таңдадық. Мұнда жалпы халық өз позициясын білдірді. Қоғам болғаннан кейін біршама пікірлер болады. Көпшілігі қолдаса, кейбірі басқаша ойлауы мүмкін. Дегенмен, халықтың әлеуметтік, саяси белсенділігі артып келеді. Оны осындай ұйымдастырылған ірі саяси шақтардан байқап, бағамдап отырамыз. Бізде жаңару мен жүйенің ауысуын күтіп жүргендер көп. Сонымен қоса, тағы бір маңызды дүниеге айрықша тоқталуды жөн санаймын. Нақтырақ айтқанда, әлеуметтің әлеуетін көтеру қажет. Саяси науқанда ол кезең-кезеңімен жүзеге асуда. Ол жағынан көңіл қуанады. Десе де, экономикалық секторға назар аударайық. Халықтың тұрмыс сапасын жақсартайық. Сонда ғана алға қойған нақты мақсаттарға қол жетеді.

Мұрат ЛИЯСОВ, зейнеткер

СЫНДАРЛЫ СӘТТЕН ДЕ СҮРІНБЕЙ ӨТТІК

Сындарлы сәтте еліміз ҚасымЖомарт Тоқаевқа үлкен қолдау көрсетті. Ұлт болып ұйысып, мемлекетіміздің тұтастығын сенімді азаматқа табыс еткенімізді айқындап алдық. Осынау тарихи сайлаудағы Қасым-Жомарт Кемелұлының жеңісі халықтың Мемлекет басшысының прогрессивті реформалары төңірегінде бірігуінің айқын көрінісі болды дер едім. Біз өзіміздің – адами парызымызға адалдық таныттық. Осынау сәтте баршамыз ауызбіршілікте болып, Қазақстанның бүгіні мен болашағына алаңдаған әр азаматқа үлкен жауапкершілік жүгі артылып тұрғанын түйсігімізбен түсінгеніміз мені қуантады. Ұрпақ тәрбиелеуші ұстаз ретінде Әділетті Қазақстанды құру жолындағы еңбегіміз жемісті болсын! Еліміздің келешегінің кемел де, жарқын болуына әрқайсымыз атсалысайық дегім келеді.

Жібек ТӨЛЕПБЕКОВА, Рақымжан Қошқарбаев атындағы орта мектебінің ұстазы

By karatal

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *