Аудан көлемінде 25 қараша – 10 желтоқсан аралығында «Зорлық – зомбылықсыз 16 күн» республикалық акциясы өтті.

Аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі мен «Жәңгір» қайырымдылық қорының ұйытқы болуымен өткен шараның мақсаты – отбасы институтын нығайту, отбасылық құндылықтар мен гендерлік теңдікті ілгерілету, репродуктивті денсаулықты нығайту.

Игі іске бағытталған оннан астам шараны «Жәңгір» қайырымдылық қорының үйлестірушісі Дәулет Ауданбаев, аудандық аналар кеңесінің төрайымы Ұлбосын Досмолданова, психолог маман Алма Рахметова жүргізді.

Атап айтар болсақ, «Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» пилоттық жобасын іске асыру бойынша Елтай, Ескелді, Жолбарыс батыр, Балпық, Айту би, Тастөбе ауылдық округтері  және Үштөбе қаласында «Отбасы – мемлекет тірегі», «Мерейлі отбасы – татулық тірегі» тақырыптарында семинарлар өтті. Қоғамда отбасылық қарым-қатынастың оң бейнесін, зорлық-зомбылықсыз мінез-құлықты қалыптастыруға және жастардың рухани-адамгершілік тәрбиесін арттыруға бағытталған кездесулер болды. Отбасы институтын қолдау және дәстүрлі отбасылық құндылықты сақтау жөнінде дөңгелек үстелдер ұйымдастырылды. Аталған шараларға ауылдық аналар кеңестерінің төрайымдары, қоғамдық кеңес төрағалары мен ауыл тұрғындары мен жастары және мектеп оқушылары қатысты.

Қаратал ауданының АХАЖ бөлімінің бас маманы Гүлбаршын Түменбаева, аудандық аналар кеңесінің төрайымы Ұлбосын Тойлыбайқызы, аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің бас маманы Азат Жанатқызы медицина саласы мамандарын тарта отырып, некеге тұруға тілек білдірген адамдарға жеке кеңестер ұйымдастырылды. Сондай-ақ, аудандық орталық ауруханадағы жас аналармен арнайы кездесу өткізілді. Кездесу барысында жас аналарға кеңестер беріліп, сұрақтарына толықтай жауаптар қайтарылды.

 

Азат АЙТБАЕВА, «Қаратал ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» ММ-нің бас маманы

By karatal

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *