Жуырда Алғазы орта мектебінде «Жас ұлан» балалар ұйымының ұйымдастыруымен 8-9 сынып оқушылары арасында «Мектеп оқушылары арасындағы ынтымақтастық» тақырыбында іс-шара өтті. Шараның басты мақсаты – мектеп оқушыларының арасындағы ынтымақтастықты, қарым- қатынасты нығайту, мектеп ережелерін сақтау. Кездесу барысында «Бірлік» тақырыбында бейнежазба көрсетіліп, ой бөлісу алаңында оқушылар өз ойларын ортаға салды. Мектеп ережесі мен оқушыларға тыйым салынған ережелерді талдады. Оқушылар топта «Көшбасшы оқушы моделін» жасады. Әрбір оқушы өзінің бойында өз бетімен шешім қабылдай алатын, жауапты да тәртіпті, ұқыпты да қайырымды, білімді де патриоттық сезімі дамыған көшбасшы болуы керектігін пайымдады. Бастысы оқушылар қатарластары арасындағы сыйластық пен бірлікке баса назар аудару керек екенін түсіне білді.
Толғанай МАНАТҚЫЗЫ, «Жас ұлан» балалар ұйымының төрайымы