Туған  жер қандай қасиетті ұғым. Шыр етіп дүние есігін ашқаннан атамекен жерге деген сүйіспеншілік ана сүтімен бойымызға дариды. Отан туралы ой толғасаң, жан толғанысын айтып тауыса алмассың, сірә. Ата-баба аманат етіп қалдырған тұғыры биік жерімізді сақтау тәуелсіз ұрпақтың қолында.

Туған  ел туралы өмір бақи сыр шерте беруге болады. Себебі оның тарихы терең, маңызы зор. Енді атамекен жерім туралы сыр шертсем. Мен әулиелер мекеніңде дүниеге келдім, яғни Қаратал ауданы,Үштөбе қаласы. Найзаның ұшымен, білектің күшімен келген киелі жеріміздің тарихы терең. Осынау кең байтақ өлкемде жалпы қазақ жерінде өзінің бір жеке дара орны бар, елінің елеулісі, халқының қалаулысы болып жүрген беделді тұлғалар шыққан.  Олар – Бикен Римова, Қанабек Байсейітов және жұбайы Күләш Байсейітова. Жалпы осы аталған адамдардың бәрі қазақ халқы ардақтап, бағалайтын қадірлі тұлғалар. Киелі жеті өзеннің бірі Қаратал өзені дәл бізден ағып жатыр.Үштөбе қаласы мәдениет, халық, шаруашылық жалпы айтқанда барлық жағынан дамуда.

Туған елге, жерге деген сүйіспеншілік адамды алға жетелеп отырады. Дана халқымыз: «Әркімнің туған жері – Мысыр шаһары» – деп бекер айтпаған ғой шіркін! Әр қазақтың жүрегі қай жерде болмасын туған жерін аңсап тұрады. Тәуелсіздікке қол жеткізбей тұрған кезді есімізге түсірсек, нағыз қиын заман. Қандастарымыз басқа елге қудалаңды, туған жерінде еңсесін биік көтеріп жүре алмады. Ал қазір ше? Бейбіт әрі тұғыры биік тәуелсіз елміз. Мемлекеттік тілде сөйлейміз, ойымызды еркін білдіреміз, ешкім бізге шектеуде қоя алмайды. Міне, нағыз бақыт! Сондықтан әрқайсымыз Отанымызды ардақ тұтып, оның тарихын әрқашан дәріптеп жүруіміз керек.

Сөз соныңда айтарым, туған жер туралы ойлай қалсаң, жүрек тебіренісін сөзбен жеткізіп айта алмаспыз, сірә. Мен үшін «Туған жер» сөзі жәй ғана сөз емес, оның астарында үлкен мән мен мағына астасып жатқандай. Ата-бабамыз аманат етіп тапсырған жерді сақтап, қорғау мына біздерге, яғни жастарға үлкен әрі жауапты міндет.

 

Айкүнім БАҚЫТЖАНҚЫЗЫ, І.Есенберлин атындағы МДШО

бар орта мектебінің 11 сынып оқушысы 

 

 

          

By karatal

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *