Жетісу облысында Қазақстанда «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының бірыңғай қайырымдылық операторы «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қолдауымен «Табысты отбасы» қайырымдылық  жобасы басталды.

Жоба Ұлытау, Абай, Жетісу, Түркістан және Ақтөбе облыстарында жүзеге асырылуда.  Таңдалған бес өңірге барлығы 300 грант қарастырылған.

«Табысты отбасы» жобасын қолдауға шамамен 200 млн. теңге бөлінді. Бұл сомаға гранттар мен басқа да ілеспе шығыстар кіреді. Жетісу өңірінде жобаның ең белсенді 60 қатысушысы өз істеріне құрал-жабдық түрінде грант  алады.

Жобаның мақсаты – қандай да бір себептермен мемлекеттік қолдау шараларын пайдалана алмаған, әлеуметтік қорғалмаған  санаттағы жастар мен отбасыларды  қолдау.

Жетісу облысы әлеуметтік-экономикалық қолдауды қажет ететін жаңа өңірлердің бірі. Ел Президентінің Алматы облысын екі аймаққа бөлу туралы шешімі бірқатар түйткілді  тарқатуға, атап айтқанда, аймақ тұрғындарының жағдайын жақсартуға, шағын және орта бизнесті дамытуға мүмкіндік  бермек.

«Табысты отбасы» жобасына көпбалалы және аз қамтылған, толық емес отбасылардың мүшелері, сондай-ақ ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған, сондай-ақ, табысы төмен отбасылардан шыққан жастар қатысады.  Жобаға қатысуға ниет білдіргендер жаңа дағдыларға үйреніп, тәжірибелік тренингтерден, шеберлік сыныптарынан өтеді.  Бұл ретте әр қатысушыға жеке көзқарас танытылады.

«Жетісу облысының 2025 жылға дейінгі даму жоспарында негізгі бағыттар «Азаматтардың игілігі» мен «Мықты экономика» болып бөлінді. «Табысты отбасы» әлеуметтік жобасы – алға қойған мақсаттарға қол жеткізуде қосымша құрал болады. Көпбалалы және аз қамтылған отбасы мүшелерін бизнес-дәріскерлер тарапынан бейінді оқыту және қолдау олардың өз ісін ашып, қаржылық жағдайын нығайтуға және жалпы өңіріміздің экономикасына оң ықпал ететіні даусыз», – деп атап өтті Жетісу облысы әкімнің орынбасары Рустам Әли.

«Біз өңірдің мұқтаж отбасыларын «Табысты отбасы» жобасына қатысуға шақырамыз. Әлеуметтік жоба қазір «жаңа» өңірлерді қамтуда. Біз өз бастамамызбен Қазақстанның аз қамтылған азаматтарын мемлекеттік қолдаудың қолданыстағы шараларын толықтыра түсеміз. «Самұрық-Қазына» компаниялар тобына қолдауымен «Табысты отбасы» жобасына қосқан нақты үлесі үшін алғыс айтқым келеді»,- деді жоба өкілі Айжани Нұрланова.

«Табысты отбасы» жобасына қатысу – азаматтар үшін өз ісін сенімді бастауға, кәсіпкерлік негіздерін зерделеуге және тұрақты табыс көздерін табуға бірегей мүмкіндік.

 

Алакөл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

By karatal

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *