Жуырда Талдықорған қаласындағы Тіл сарайында Жетісу облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен «Мемлекеттік тіл – тәуелсіздік нышаны» атты облыстық байқау өтті. Байқаудың мақсаты – мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, қазақ тілінің этносаралық қарым-қатынас тілі ретіндегі қызметін нығайту, мемлекеттік тілді меңгерген азаматтарды ынталандыру.

Сайысқа қазақ тілін жетік меңгерген 21-43 жас аралығындағы өзге ұлт өкілдерінен құралған медицина саласы мамандары мен студенттер қатысты. Қазылар алқасының құрамында Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің  кафедра меңгерушісі Шара Қияқметова, облыс әкімі аппаратының бас инспекторы Гүлбақыт Қасенова, облыстық денсаулық сақтау басқармасының бас маманы Наиля Қойбағаровалар болды. Қатысушылар 4 кезең бойынша сынға түсті. Әр жауапқа 3 минут уақыт берілді. Бірінші кезең – музыка терапия. Мұнда қатысушылар өздерін таныстырып, өнерлерін ортаға салды. Екінші кезең – мақал-мәтел сайысы. Бұл кезеңде сайыскерлер таңдаған қағазында жазылған мақалды жалғастырды. Ал үшінші кезеңде ұяшық таңдап, берілген тақырыпта ой толғады. Шешуші кезеңде берілген сұраққа ақпараттық ресурстардың көмегімен жауап берді.

Байқаудың қорытындысы бойынша жүзден жүйрік шығып, оза шапқан Алакөл ауданының орталық ауруханасының медбикесі Марина Сибирякова І орын иеленді. Ал II орын Талдықорған қаласының қатысушысы  А.Расуловаға бұйырса, III орынды Панфилов ауданынан келген А.Жигалкина мен Текелі қаласынан қатысқан С.Сеитова еншіледі. Жеңімпаздар Жетісу облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқарма басшысының алғыс хаты және ақшалай сыйлығымен марапатталды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, шара дәстүрлі түрде жалғасын таппақ.

 

Айгүл ХИАГ,

Алакөл ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің бас маманы

By karatal

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *