Алакөл  гуманитарлық-техникалық колледжінде «Алакөл жастары есірткіге қарсы» атты студенттер арасында cпорттық сайыс өтті. Шараның мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттап, жасөспірімдер арасында нашақорлықтың алдын алу.

Сайысқа 7 команда қатысып, бақ сынады. Олар: «Қыран», «Тұлпар» ,«Бүркіт», «Сұңқар», «Комета» ,«Шайниг стар», «Барыс» командалары. Сайыс «Кім білімді», «Кім жүйрік», «Кім жылдам», «Кім тапқыр», «Кім мерген» , «Кім епті», «Кім күшті»  атты кезеңдерден тұрды. Жарыс 4 балдық жүйемен бағаланды. Жеңімпаздар мақтау қағаздарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

– Спорт адамның тәні мен жанын тәрбиелейді, тәртіпке үйретеді. Тәртіпті бала ертең жақсы маман болады. Студенттерді шынықтыруға, болашағына бағдар беруге игілікті істер жасап жатырмыз. Бұл – колледжішілік шараның біреуі. Болашақта жақсы іс-шаралар, кездесулер өткізу жоспарымызда бар,- деді Алакөл  гуманитарлық-техникалық колледжінің директоры Мұхтар Каримов.

 

Асылан МАХАНОВ

By karatal

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *