Жуырда аудан әкімі Алмас Абдинов Ынталы ауылының тұрғындарымен кездесті. Аудан басшысының ауыл тұрғындарымен тұрақты кездесуіне аудандық мәслихат хатшысы С.Жабжанов, бөлім, мекеме басшылары, құқық қорғау органының өкілі қатысты.
Кездесуде аудан әкімі Алмас Сапарғалиұлы ауданның әлеуметтік-экономикалық даму жағдайына тоқталып, атқарылған шаралар мен өзекті мәселелерді шешу керегін атап өтті. Оның ішінде биылғы ауданның даму жоспарына сәйкес Ынталы ауылының 3 көшесіне орта жөндеу жұмыстары және келешекте ауылға сапалы медициналық қызмет көрсететін медициналық пункті күрделі жөндеуден өткізу жоспарланғанын атап өтті.
Сонымен қатар кездесуде округ әкімінің де атқарылған жұмыстары мен алдағы даму жоспарлары бойынша есебі тыңдалды. Кездесу барысында ауыл тұрғындары тарапынан Ынталы ауылының аумағындағы Үшарал – Достық республикалық тас жолының 21-26 шақырымына мал өтетін және жылдамдықты төмендететін жол белгілерін қою мәселесі көтерілді.
Айта кетсек, аталған мәселе бойынша Үшарал – Достық республикалық тас жолын қайта жаңғыртуға тапсырыс беруші «Казавтожол» АҚ ұсыныс жасалды. Арнайы комиссия құрылып, жол белгілерін орнату жөнінде ұсыныстар қаралуда. Сондай-ақ, ауыл тұрғындарына қоғамдық қабылдау өткізіліп, өтініштері тыңдалды.

Айдана ТЫНЫСБЕКОВА,
Алакөл ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің бас маманы