Үшарал қаласында Тәуелсіздік күніне орай «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында салынған 60 пәтерлі тұрғын үй халық игілігіне берілді.

Тұрғындарды аудан әкімі Алмас Абдинов қоныстарымен құттықтап, жалгерлік тұрғын үйдің кілтін салтанатты түрде табыстады. Жаңа баспана кезекте тұрған әлеуметтік жағынан аз қамтылған жандарға, бюджеттік сала қызметкерлеріне берілді. Аудан басшысы алдағы уақытта екі 20 және 60 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысын аяқтап, 100 отбасы тағы баспанамен қамтылатынын атап өтті.

Алакөл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

By karatal

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *