Испанияның Барселона қаласында өткен джиу-джитсудан әлем чемпионатында Алакөл спортшылары жеңіске жетті. Әлемдік додада ел намысын қорғаған алакөлдіктер, атап айтсақ Айбол Ахметов, Даниал Қайратұлы, Әмина Қамет бірінші орын иеленді. Елге оралған жеңімпаздарды жерлестері Үшарал әуежайында сән-салтанатпен күтіп алды.

– Испаниядағы спорт додасында шәкірттерім топ жарып, еліміздің қоржынына алтын алқа салды. Міне біз елге оралдық. Ең бірінші Аллаға алғыс. Жерлестеріміз қуанышымызға ортақтасып, әскери бөлім қызметшілері, аудан жұртшылығы үлкен қошеметпен күтіп алды, – деді чемпиондардың жаттықтырушысы Арнұр Нұрланұлы.
Асылан МАХАНОВ