12 желтоқсаннан бастап Алакөл ауданының орталығы Үшарал қаласында қоғамдық көлік қатынай бастады. 12 бекеттен тұратын жалпы 13,3 шақырымды құрайтын қоғамдық көлік маршруты «Тарлан» спорт кешенінен бастау алады.Бұл қоғамдық көлік аудан әкімдігінің колдауымен және жеке кәсіпкер «Себепов» демеушілігімен жүзеге асырылуда. Қоғамдық көлікте жүру құны ересектерге 200 теңге, мектеп оқушыларына 100 теңге.Еске сала кетейік, жалпы қоғамдық көлік халықтың сұрауы бойынша іске асырылуда. Бұл жобаның тиімділігін, қажеттілігін арттыру аясында халық болып назар аудару қажет. Сонымен қатар қоғамдық көліктің халыққа қажеттілігі туралы зерделеу жұмыстары жүргізілуде. Алдағы уақытта көліктің жүру бағыты мен нақты кестесі қосымша ұсынылатын болады.
Айгүл ХИАГ,
Алакөл ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің бас маманы