Жуырда аудандық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен дәстүрлі ән мен күй мектебін қалыптастыру арқылы және оны насихаттау, ұрпаққа жеткізу, ұлтымыздың інжу-маржан әндері арқылы ұлттың рухын көтеру мақсатында жасөспірімдер мен ересектер арасында дәстүрлі «Нағыз қазақ домбыра» атты байқау өтті. Байқау «Іріктеу» мен «Шешуші» кезең болып екіге бөлінді. Аудандық мәдениет үйінде өткен байқауға жеке 21 дәстүрлі әншілер, жеке аспапта ойнайтын күйшілермен бірге ауылдық мәдениет үйінің жанынан құрылған 8 домбырашылар мен ансамбльдері қатысты.

Тартысты өткен байқау қорытындысында әділ қазылар алқасынының шешімімен «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» болып өз үзеңгілестерінен озған өнерпаздар марапатталды. Атап айтар болсақ, ерекше орындаушылық шеберлігімен көрермендерді тәнті еткен «Балдәурен» домбырашылар ансамблінің (жетекшісі балалар шығармашылық орталығының оқытушысы Жанар Тұтқабекова) орындауында Е.Үсеновтың күйі «Кербез сұлу». Талай сахна төрінде өз өнерлерімен облыстық, аудандық концерттерге қатысып, көрерменнің ықыласына бөленіп жүрген «Інжу-маржан» ансамблі (жетекшісі Жаңаталап ауылдық мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі Анар Байгөбек) I дәрежелі дипломмен марапатталды.

Дәстүрлі ән номинациясы бойынша ең кішкентай қатысушымыз Жасмин Тәуекелова жүлделі  I дәрежелі дипломмен мараппатталды. Жасөспірімдер арасында Айдана Тұрсын I дәрежелі дипломға ие болды. Ересектер арасында Назгүл Тоғасова I дәрежелі дипломға қол жеткізді. Аспапта ойнау номинациясы бойынша Мейіржан Сапарғали (балалар шығармашылығы орталығы) және Аяжан Кенехан  (№ 51 орта мектебі) I дәрежелі дипломмен марапатталды.  Байқауға қатысқан өзге де өнерпаздар құр қол қайтқан жоқ. Өз өнерлерімен ерекшеленген балалар II, III дәрежелі дипломдар және ынталандыру алғыс хаттарына ие болды.

Ұлы бабаларымыздан қалған мол мұрамыз  күй мен дәстүрлі ән  шеберлігін ұрпақтан ұрпаққа жеткізу мақсатында әр баланың қолына қазағымыздың қара  домбырасын ұстатып, аянбай еңбек етіп жүрген жетекшілерге және шараға белсене қатысқан өнерпаздарымызға  алғысымызды білдіреміз!

Қаратал аудандық мәдениет үйі

 

 

 

By karatal

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *