13 желтоқсан күні Талдықорған қаласындағы І.Жансүгіров атындағы мәдениет сарайында, облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен өткен «Ауылым – алтын бесігім» атты ауылдық мәдениет үйлері мен кітапханалары арасындағы байқаудың қорытынды Гала концерті өтті.


Байқау қорытындысы бойынша Қанабек ауылдық кітапханасы ынталандыру сыйлығына ие болып, 200 мың теңгелік сертификатпен марапатталды. Қолөнер номинация бойынша ауыл тұрғыны, кітапхана оқырманы «Шебер қолдар» үйірмесінің мүшесі Күләйхан Сағынбаева басқарманың алғыс хатымен және 200 мың теңге ақшалай сыйлыққа ие болды. Алмалы ауылдық мәдениет үйінің «Үздік балалар хоры» номинациясымен Абай атындағы орта мектебіне басқарманың алғыс хаты және музыкалық орталық табыс етілді. Шара барысындағы мерекелік концертте аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары өз өнерлерін көрсетті.
«ҚАРАТАЛ-АҚПАРАТ»

 

By karatal

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *