Кездесуде «АМАNАТ» партиясы Қаратал аудандық филиалының атқарушы хатшысының міндетін атқарушысы Ж. Наурузбаев, Талдықорған көлік прокуратурасының прокуроры А. Сматулла, Үштөбе ст.ЖПб бастығы полиция  подполковнигі Т. Тагаев, Үштөбе ст. ЖПб бастығының бірінші орынбасары М. Шингожин, Үштөбе ст.ЖПб ӘПб бастығы полиция  майоры Е. Курмансеитов, Үштөбе ст.ЖПб КҚҚТ инспекторы полиция капитаны Б. Аблакимов, Үштөбе ст.ЖПб ӘПб ҚБП тобы инспекторы полиция аға лейтенанты Қ. Зейнолдин, Үштөбе ст Вокзал бастығы Г. Мальгиждарова қатысты. Сонымен қатар, № 31 «Павлодар-Алматы» жолаушылар поездының бригадирі  Л. Поташ жолаушылармен кездесу жүргізді.

Бас қосудың негізгі мақсаты – халықтың тәртіпсіздікке және ұсақ бұзақылыққа «Құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілік» принципын қалыптасыруын, азаматтардың сана сезімдерін және құқықтық мәдениетін көтеру мен азаматтардың полиция қызметкерлеріне деген сенімдерін арттырып, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарына жол бермеу. Аталған мәселелер бойынша полиция қызметкерлері жолаушылармен және поезд жолсеріктерімен сұхбат өткізіп, олармен ой-пікір алмасып жұмысқа кедергі жасайтын мәселелерді талқылады. Кездесу кезінде жолаушылардан және жолсеріктерден Үштөбе станциясындағы ЖПб қызметкерлерінің қызметіне байланысты арыз-шағым және алаңдататын сұрақтар туындаған жоқ.

«ҚАРАТАЛ-АҚПАРАТ»

 

By karatal

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *