«Жолбарыстай қайратты, қырандай күшті қанатты мен жастарға сенемін!» Дәл осы сөздермен басталған, жастар арасында жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін «Көшбасшы-2022» байқауы күні кеше Алакөл аудандық З.Қойшыбаева атындағы мәдениет үйінде дүркірей өтті.

Алакөл ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында «Еркін» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен тәуелсіз еліміздің  жастары арасындағы байқау биыл он бірінші рет өткізіліп отыр.

Дүбірлі жарысқа 15 аталым бойынша 29 үміткер қатысып, бақ сынасты. Өз салаларының нақ мамандары, әрі үздіктері деп танылғандар «Көшбасшы-2022» номинациясына ие болды. Атап айтсақ, «Үздік жас мемлекеттік қызметші» номинациясын Алакөл ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясының бас маманы — Абай Омаржанұлы, «Үздік жас әскери қызметкер» номинациясын 40398 ә/б 3 мотоатқыштар батальон командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі нұсқаушысы — Ораз Бақберген, «Үздік жас дәрігер» номинациясын аудандық орталық ауруханасының терапевт дәрігері — Қымбат Әбдіхамит, «Үздік жас ұстаз» номинациясын Көктұма орта мектебінің ұстазы – Олжас Зейнелғабдылов, «Үздік жас спортшы» номинациясын — Ілияс Құмарұлы, «Үздік жас кәсіпкер» номинациясын «ZHokhans SUSHI&PIZZA» фаст-фуд орталығының негізін қалаушы, жеке кәсіпкер — Жалғас Нұрсаметов, «Үздік жас отбасы» номинациясын ауданымыздың мәдениет саласының дамуына зор үлес қосып жүрген Тұрсынғазыновтар отбасы, «Үздік жас өнерпаз» номинациясын Үшарал №2 орта мектебінің 11-сынып оқушысы — Аружан Сұлтан, «Үздік колледж студенті» номинациясын Тоқжайлау политехникалық колледжінің студенті — Тілектес Насыр, «Үздік төтенше жағдай саласының қызметкері» номинациясын Қабанбай №15 Өрт сөндіру бекетінің бастығы — Самат Омарбеков, «Үздік жастар ісі жөніндегі әдіскер-нұсқаушы» номинациясын Еңбекші ауылдық округі әкімі аппаратының жастар ісі жөніндегі нұсқаушысы — Олжас  Тұралықов, «Жас Ұлан» біріңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының үздік көшбасшысы» номинациясын Үшарал қазақ гимназиясының 11 – сынып оқушысы, «Жас ұлан» балалар бастауыш ұйымының жетекшісі — Аида Даярбек, «Жастар үкіметтік емес ұйымының үздік көшбасшысы» номинациясын «Нұрлы Жастар» ЖҚБ жетекшісі — Тілек Қабылқанов, «Үздік жас полиция қызметкері» номинациясын аудандық полиция бөлімі, жергілікті полиция қызметі бөлімінің учаскелік полиция инспекторы, полиция аға лейтенанты — Жасұлан Рахиянов, «Үздік жас әдебиетші» номинациясын Қабанбай №1 орта мектебінің ұстазы — Нұржамал Махкамова жеңіп алды. Түрлі аталымдар бойынша марапатталған жастарға мадақтау қағаздарымен қатар, аудан әкімінің 50 000 теңгелік ақшалай сертификаттары табысталды.

Егемен елдің ертеңін құрайтын жасампаз жастар. Сондықтан да жастар мәселесі қай кезде де басты назарда. Ұрпақ сабақтастығын жалғай,  ел тізгінін ұстар осы жас көшбасшылар  қатарластарына басым бағыт бере отырып, ұлт болашағына өз үлестерін қосар деген сенімдеміз.

 

Қарлығаш ЕРКІН,

«Alakol TV» телестудиясының журналисі

By karatal

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *