Еліміздің ең қастерлі мерекесі — Тәуелсіздік күніне орай Алакөл ауданы әкімінің орынбасары Мәулен Төлеужанов аудан бойынша желтоқсан оқиғасына қатысқан азаматтарды салтанатты қабылдап, құрмет көрсетті.

– Қай халық үшін де тәуелсіздік – қастерлі ұғым, ұлы мұрат. Ұлтымыздың ұлы жеңістері оңайлықпен келген жоқ. Халқымыз талай аумалы-төкпелі замандарды бастан кешті, осы ауыртпалықтың бәрін көтере білді, жасымайтын жігер танытып, асқақ арманына ұмтылды. Соның бір тұсында сіздердің көрсеткен ерліктеріңіз бен үлестеріңіз салмақты деп білемін. Бұл біздің жадымызда өшпес өнеге, өлмес мұра ретінде мәңгі сақталады, – деп, ізгі ықыласы мен ақжарма тілегін білдірді.

Шара қонақтары да өздерінің жүрек жарды ізгі тілектерін білдіріп, желтоқсан оқиғасын еске алды. Оның ішінде С.Қияшев, Қ.Баянбаева мерекемен құттықтаса, Б.Жайлаубай өлең шумақтарын арнады.

Сонымен қатар шара соңында Тәуелсіздік жолында жастарға патриоттық тәрбие беруде аянбай еңбек етіп келе жатқан бірқатар азаматтар аудан әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталды.

Алакөл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

By karatal

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *