Тәуелсіздік күнінде Жаманкөзовтер отбасы қуанышқа кенелді. Олар «Диана» қайырымдылық қорының көмегімен үйлі болып, жаңа қоныстарына жайғасты. Көпбалалы жанұяға Еңбекші ауылынан баспана бұйырды. Бұл – Алакөл ауданы бойынша «Диана» қайырымдылық қоры сыйлаған 20-баспана.

Осыған дейін Жаманкөзовтер отбасы ескі Жанама ауылында тұрған. Жанұяның отағасы Сәрсенбек Жаманкөзов мал бағу сынды ауыл жұмыстарымен айналысады. Отанасы екеуі 7 бала тәрбиелеп отыр. Үйлі болған жанұяны жаңа қонысымен құттықтай келген үлкендер ақ батасын беріп, тілектерін айтты. Еңбекші  ауылының әкімі де жылы лебізін жеткізді.

-Бұл үйде тек жақсылық, аманшылық болсын. Үйі жанға, қорасы малға толсын. 7 баласы үлкен азамат боп, ел тізгінін ұстайтын мықты маман атансын, – деп Еңбекші ауылдық округінің әкімі Қуаныш Сағымбеков тілек білдірді.

«Диана» қайырымдылық қоры мұқтаж отбасыларға баспана бақытын сыйлауды жалғастырады. Қор мүшелері «Жақсылықта жарысайық!» деген ұранмен барша алакөлдіктерді жақсылық жасауға шақыруда.

 

Асылан МАХАНОВ

By karatal

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *