Алакөл ауданында алғаш рет футзалдан аудандық турнир өтті. Оны Алакөл ауданының бұқаралық-спорттық іс-шараларды өткізу орталығы ұйымдастырды. Үшаралдағы «Тарлан» спорт кешенінде жалауын көтерген жарыс 2 күн болды. Барлығы 19 құрама қатысып, өзара кіл мықтыны анықтады.

Қарсыластарына есе жібермеген «Евгей LTD» және «Жайпақ» құрамалары финалда кездесіп, 2 тайм қорытындысы бойынша тең ойнады. Кейін пенальти сериясы орындалып, қақпасына доп өткізбеген «Евгей LTD» құрамасы жеңіске жетті. Турнир қорытындысына сәйкес, 3-орынды «Бұлақты» құрамасы, 2-орынды «Жайпақ», 1-орынды «Евгей LTD» құрамасы иеленді. Жеңімпаздар медаль, диплом және ақшалай сыйлықпен марапатталды. Турнирге қатысушылардан бөлек, аудан аумағында салауатты өмір салтын насихаттау мен футбол ойнын дамытуға үлес қосқаны үшін Нұрлан Оқапов, Арнұр Нұрланұлы, Әлішер Нөкербеков сынды спорт жанашырларына алғыс хат табысталды.

Алакөл ауданында футзал спортын дамытуға ден қойылғалы отыр. Алдағы уақытта бұдан да ауқымды турнирлер ұйымдастырылмақ.

Асылан ЖЕҢІСҰЛЫ

By karatal

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *