Алакөл ауданы әкімінің орынбасары М.Төлеужанов төрағалығымен «Жетісу тарихы: жаңа көзқарас» атты тарихи-танымдық ғылыми-зерттеу жобасы аясында жиын өткізілді. Бұл жоба – Тәуелсіз Қазақстанның шынайы да толыққанды тарихын архив деректеріне әрі көз-көргендердің естеліктеріне сүйеніп жазып шығуға негізделген қанатқақты, көлемді әрі тұңғыш ғылыми-танымдық зерттеу жобасы.

Аталған шараға Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің Қазақстан тарихы кафедрасының доценті, тарих ғылымдарының кандидаты, Тарих және қоғамдық ғылымдар академиясының академигі, ғылыми-зерттеу экспедициясының жетекшісі – Талдыбек Нұрпейіс, саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі өңірлік мемлекеттік комиссия жұмыс тобының жетекшісі, Ш.Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты phd-докторанты – Еркін Стамшалов, Қазақстан журналистер одағының мүшесі, өлкетанушы – Жандарбек Қарабасов, Жетісу облысының Қоғамдық даму басқармасы ММ-інің Қоғамдық келісім КММ-нің бөлім басшысы, облыстық Қоғамдық кеңес мүшесі – Құрметбек Сансызбай арнайы келіп, энциклопедия жөнінде сөз сөйледі.

Жоба бойынша өз қызығушылығын танытып, ауданымыздың ардагері Ж.Жұманов, Ақтүбек ауылдық қоғамдық келісім кеңесінің төрайымы Қ.Түгелова пікірлерін білдіріп, келген қонақтар да өздерінің ұсыныс, өтініштерін жеткізді. Шара соңында экспедиция мүшелері аудандық кітапхана қорына бағалы кітаптарын сыйға тартты.

Айдана ТЫНЫСБЕКҚЫЗЫ,

Алакөл ауданының ішкі саясат,мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің бас маманы

By karatal

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *