Еліміздегі азаматтық қоғамды дамыту жолында қоғамдық ұйымдардың рөлі орасан зор. Қоғамдық келісім кеңесі — мемлекетіміздегі ішкі саяси тұрақтылықтың сақталуына, этносаралық татулықты, бірлікті бекемдеуге бағытталған жұмыстарды жүзеге асыратын ұйым. Еліміздің экономикалық, саяси өркендеуіне өз үлестерін қосып жүрген азаматтар елеусіз қалмауы тиіс.
Осыған орай аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің мемлекеттік-әлеуметтік тапсырысы аясында «Алматы облысының ауыл жастары» ЖҚБ ұйымдастыруымен қоғамдық келісім кеңесінің төрағалары мен төрайымдарының қатысуымен жыл бойы атқарған жұмыстары бойынша қорытынды жиын өткізілді.
Жиында «Алматы облысының ауыл жастары» ЖҚБ жетекшісі Д.Ауданбаев сөз сөйлеп, қоғамдық келісім кеңесі мүшелерінің төрағалары мен төрайымдары өздерінің атқарып жатқан жұмыстарымен таныстырып, ұсыныстарын білдірді.
Шара соңында үздік деп танылған қоғамдық келісім кеңестері диплом және алғыс хаттармен марапатталды. Атап айтсақ, жүлделі ІІІ орынды Ақтүбек ауылдық округінің қоғамдық келісім кеңесінің төрайымы Қ.Түгелова, Жанама ауылдық округінің қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы М.Сқақов, Еңбекші ауылдық округінің қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы А.Бисаринов иеленсе, жүлделі ІІ орынды Екпінді ауылдық округі қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Қ.Баяділов, Бескөл ауылдық округі қоғамдық келісім кеңесінің төрайымы Р.Күлбекова жеңіп алды. Ал, қоғамдық келісімді, этносаралық қарым-қатынасты нығайтуда үздік деп танылған Лепсі ауылдық округі қоғамдық келісім кеңесінің төрайымы И.Абдухаликова І орынды иеленді.
Алакөл ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі