Жақында Алакөл ауданының әкімі Алмас Абдинов Қызылащы ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу өткізді. Кездесуге аудандық бөлім, мекеме басшылары мен Қызылащы ауылдық округінің ардагерлері, ауыл жастары, шаруа қожалықтарының төрағалары қатысты.
Күн тәртібіне сәйкес Қызылащы ауылдық округінің әкімі Т.Мамановтың 2023-2026 жылдарға арналған даму жоспарымен таныстырып, жергілікті өзін-өзі басқару туралы заң жобаларының негізгі ережелерін түсіндірді.
Екінші мәселе бойынша аудан әкімі аппаратының басшысы Д.Сатыбалдиев Жергілікті өзін-өзі басқару туралы заң жобаларының негізгі ережелерін түсіндіріп, заң жобасына енгізілген өзгертулерге тоқталды.
Кездесу соңында аудан әкімі А.Абдинов бөлім басшыларына округ әкімінің даму жоспарының назарға алынып, орындалуын қадағалауды тапсырып және жергілікті өзін-өзі басқару туралы заң жобаларының негізгі ережелерін түсіндіру жұмыстары үнемі жүргізілуін тапсырды. Кездесуден кейін тұрғындарға қоғамдық қабылдау өткізілді.
Алакөл ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі