Әрбір адам дүниеге келгенде түнгі аспандағы жұлдыздардың саны көбейеді екен. Шынында да түнгі аспанды бір сәт тамашалап көрсек, адамдар да сол жұлдыздар тәрізді екенін байқаймыз. Бірі жарыққа шыққаннан гөрі тасада жүргенді қалайды – оның жұлдызы әлсіз жылтырайды, ал бірі сабырсыз, өздерінің өміріне жиі өзгеріс енгізеді – олардың жұлдызы біресе жарқ етіп, біресе әлсіз жылтырап, құбылып тұрады. Ал енді үнемі күн тәрізді жарқырап, түнгі аспанға ерекше шұғыла шашып тұратын ізгі жандар болады. Бүгінгі туған күн иесін, яғни Сізді осындай ерекше жұлдыздың иесі деп мақтанышпен айтар едік. Жұлдызыңыз сөнбесін! Жарқырап, жана беріңіз! Бүгінгі жасыңыз құтты болсын! Деніңізге саулық, отбасыңызға амандық, шаңырағыңызға береке тілейміз!

Ренжітпеген үлкенді де, кішіні –

Жүрегімен түсінетін кісіні,

Мына өмір ғажап болып кетер ед,

Сіздей болса бар адамның пішіні.

Құтты болсын жаңа  белес, жасыңыз,

Жақсылық пен қуаныштан тасыңыз.

Бала-шаға қызығына кенеліп,

100 жасқа да аман-есен жетіңіз.

Ізгі тілекпен: «Қаратал» газетінің ұжымы

By karatal

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *