Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып отыр. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қай-қайсысын да қатты алаңдататыны анық. Сыбайлас жемқорлық барлық мемлекеттер мен халықтарға тән және терең ғасырлық тамыры бар.
Біз өте күрделі кезеңде өмір сүріп жатырмыз, экономикалық реформалар мен дағдарыс кезеңі, трансформация уақыты. Зерттеулерге сәйкес, жемқорлық – теріс құбылыс. Бұл қоғамның негіздерін бұзады, дамуға қауіп төндіреді, мемлекеттік органдарға деген сенімділіктің төмендеуіне ықпал етеді және қоғамның экономикасы мен моралын бұзады. Бұл бізге байланысты қай мемлекетте өмір сүреміз: адал немесе жемқор? Әлемдік сыбайлас жемқорлыққа сәйкес, лайықты адам, лайықты компания немесе лайықты мемлекет белгілі бір елмен қарым-қатынаста бола ма деп бағаланады.
Сыбайлас жемқорлықтың үлкен кемшілігі, ол мемлекеттің экономикалық салаға зиян тигізіп, елдің және оның әрбір азаматының жалпы әл- ауқатын төмендетеді. Бұған қоса, мұның бәрі халықтың үкіметке сенімін жоғалтуына қауіп төндіреді. Ертеңгi ұрпаққа еңсесi биiк, әлеуеттi, дамыған сыбайлас жемқорлық дертiнен толық арылған мықты мемлекеттi аманат етемiз десек, ұлт келешегiнiң тағдырын тұмандататын сыбайлас жемқорлық сияқты залалдың алдын алуға жалпы халық болып күресуiмiз қажет.

Сыбайлас жемқорлыққа шек қою, оның алдын алу, қылмыс әрекет екендiгi туралы ақпарат беру бойынша ауданымыздың кiтапхана ұжымы көптеген насихат жұмыстарын жүргізуде. Соның бiр дәлелi 2018 жылдан бастап кітапханаларда  «Адалдық алаңы» бұрышы ашылды. Сол бұрышта кітапхана оқырмандары  арасында «Сыбайлас жемқорлықпен күрес – көптiң iсi», «Сыбайластықтың қауіпті түрі – парақорлық», «Жемқорлыққа жол жоқ», «Жемқорлық індет, жою міндет» деген тақырыпта ақпараттық  сағаттар өткiзiлдi. Кітапханашылар оқырмандарға қысқаша бейнефильмдер көрсетіп, кітап көрмесімен таныстырды. Іс-шара мақсаты сыбайлас жемқорлықпен күресу елiмiздiң бүгiнгi күнгi күрделi мәселелерiнiң бiрi болып отыр. Сондықтан да балаларға қазiргi кезден бастап саналарына ақыл-кеңестер көбiрек айту, заңға бағынып орындау керектiгi жайлы мағлұмат беру болып табылды.

Жолдауда берiлген мiндеттердi iске асыру үшiн орталық кiтапханада «Жемқорлыққа қарсы күресейiк» атты ашық алаң өткiзiлдi. Iс-шара мақсаты өскелең ұрпаққа сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жолдарының маңызын түсiндiру. Шараға колледж студенттерi мен кiтапхана оқырмандары қатысты. Iс-шара барысында сыбайлас жемқорлық тақырыбын қозғайтын бiрқатар сұрақтар қойылды, қатысушылар өз пiкiрлерiн бiлдiрiп, сауалдарына толық жауап алды. Шарада сыбайлас жемқорлықпен күресу үшiн халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсiндiру жұмысының деңгейi мен сапасын арттыру керектiгiнiң маңызы зор екендiгi жайлы айтылды.

Г.СЕМБЕКОВА,  аудандық кітапхана директоры   

By karatal

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *