18 желтоқсан күні Алакөл ауданының орталығы Үшарал қаласының әкімін сайлау науқаны өтті. Сайлауға 3 кандидат қатысты. Олар: Мақсұт Сайдильдинов, Алмат Садиев және Ержан Қоңыров. Дауыс беру қорытындысы бойынша, Мақсұт Сайдильдинов жеңіске жетіп, Үшарал қалалық округінің әкімі болып қайта сайланды. Ол 9188 дауыс жинаған. Ал қалған кандидаттар: Алмат Садиевке 1876 адам, Ержан Қоңыровқа 679 адам дауыс берген.
Сайлаудан кейін аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы С. Бекболатов және аудан әкімінің орынбасары А.Қабаев тұрғындар алдында Мақсұт Сайдильдиновке қызметтік куәлігін табыстап, алдағы атқарар жұмыстарына сәттілік тіледі.
Айта кетерлігі, сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 13959 азамат енгізіліп, олардың 12028-і сайлауға қатысқан. 144 бюллетень жарамсыз деп танылса, 141 адам «барлығына қарсы» деген жолақты таңдаған.
Асылан МАХАНОВ