Ағымдағы жылдың 24-ші желтоқсан күні «QARATAL» газетінің 90 жылдығына орай волейболдан ерлер арасында аудандық турнир өтті. «Қаратал ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» ММ-нің басшысы Айбек Оңғаров турнирдің ашылуына қатысып, қатысушы командаларға сәттілік тіледі. Жарысқа 9 команда, атап айтсақ ДЮСШ 1, ДЮСШ 2, Кәлпе жастары, Жолбарыс батыр, Айту би, Пушкин, Жылыбұлақ, Жастар 1, Жастар 2 командалары қатысты. Тартысты өткен жарыс қорытындысы бойынша 3-орынды «ДЮСШ 1» құрамасы, 2-орынды «Жолбарыс батыр», 1-орынды «Кәлпе жастары» құрамасы иеленді. Ерекше көзге түскен ойыншылар номинациялар бойынша марапатталды. Мәселен, Ерасыл Болат «Үздік қорғаушы» атанса, «Үздік шабуылшы» Абзал Утегенов, «Үздік ойыншы» номинациясына Ринат Жанатұлы ие болды. Турнир аяғында жеңіске жеткен командалар арнайы сый-сияпатпен марапатталып, шараға белсене қатысқан топтарға дипломдар табысталды. Аталған турнирдің бас демеушісі М. Тунгатов мырзаға алғыс білдіреміз.
«ҚАРАТАЛ-АҚПАРАТ»