Соңғы кездері жол-көлік оқиғалары күрт көбейді. Жыл басталғалы Алакөл ауданында 30 жол апаты тіркеліп, 26 адам қаза тапқан. Осы деректерді ескере отырып, аудандық прокуратура «Менің таңдауым – қауіпсіздік» атты акция ұйымдастырып, тұрғындарды жол ережелерін сақтауға және сақ болуға шақырды.

Акция кезінде прокуратура, аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жол апатына тап болған көлік құралдарын тиеп, Үшарал қаласының бас көшелерімен жүрді. Бұл шарадан бөлек, аудан прокуратурасы жол-көлік құқық бұзушылықтарының алдын алу бойынша тұрақты негізде түрлі іс-шаралар жүргізуде. Осы жылы барлық уәкілетті органдардың қатысуымен ведомствоаралық кеңес өткізіліп, нақты тапсырмалар берілген. Сонымен қатар, полициямен бірлесіп рейдтік іс-шаралар өткізілді, жол қозғалысы ережелерін бұзуды анықтау бойынша жұмыс жандандырылды. Бұл ретте жылдамдық режимі мен мас күйінде көлік құралын басқару мәселелеріне ерекше назар аударылды. Әр жүргізушімен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, аудан прокуратурасы тарапынан арнайы әзірленген брошюралар таратылды.

Асылан ЖЕҢІСҰЛЫ

 

By karatal

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *