«AMANAT» партиясы Жетісу облыстық филиалының атқарушы хатшысы Арын Арыстанғали Қадырұлының бұйрығымен Тасыбаев Руслан Шоғалұлы «AMANAT» партиясы Қаратал аудандық филиалының атқарушы хатшысы болып тағайындалды.

Тасыбаев Руслан Шоғалұлы 1978 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары. Жолдасбеков атындағы экономика және құқықтану академиясын «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын «Үштөбе өңдірістік-механикалық зауытында» іс-жүргізуші болып бастаған. Басқа салада да адал еңбек еткен. Атап айтқанда, «Қаратал ауданының ішкі саясат бөлімі» ММ-нің бас маманы, Қаратал ауданы әкімі аппаратының бас маман, заңгері және Қаратал ауданы, Балпық ауылдық округінің әкімі қызметін абыроймен атқарған.

By karatal

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *