Балалардың жан-жақты дамуына спорттың тигізер үлесі мол. Дені сау ұрпақ-ертеңгі ұлт болашағының кепілі. Осы орайда «KMF» микроқаржылық ұйымының ұйытқы болуымен, аудандық бұқаралық-спорттық іс-шараларды өткізу орталығы және «Алакөл қыран» спорт-өнер орталығының ұйымдастыруымен оқушылар арасында «Алакөл 2022 – жігерлі жеткіншектер жарысы» атты спартакиада өтті.

Екі күнге созылған шараның ашылу салтанаты Үшарал қаласындағы «Астана» саябағында болды. Оған аудан әкімінің орынбасары М.Төлеужанов қатысып, сайыс қатысушыларына сәттілік тіледі. Спартакиадада ауданның 35 мектебінен 5-11 сынып аралығындағы 700 оқушы бақ сынады. Олар спорттың 13 түрінен (футбол, волейбол, қазақ күресі, армрестлинг, дойбы, шахмат, тоғызқұмалақ, үстел теннисі және жеңіл атлетиканың бірнеше түрлері) сайысқа түсті. Жарыс нәтижесі бойынша жалпы командалық есепте І орынды Лепсі орта мектебі, ІІ орынды Үшарал қазақ гимназиясы, ІІІ орынды Көктұма орта мектебі иеленді. Жарыс жеңімпаздары мен қатысушылар медаль-кубоктармен, мақтау қағаздары және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

 

Айдана ТЫНЫСБЕКОВА,

Алакөл ауданының ішкі саясат, мәдениет,

тілдерді дамыту және спорт бөлімінің бас маманы

 

By karatal

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *