Ағымдағы жылдың 17 қаңтар күні Қаратал аудандық мәслихатының кезектен тыс 40-шы сессиясы өтті. Сессияның күн тәртібінде «Қаратал аудандық мәслихатының депуттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы», «№143 учаскелік сайлау комиссиясының мүшелерін сайлау туралы» және «Қаратал ауданы әкімдігінің дербес құрамын келісу туралы» мәселелер қаралып, тиісті шешімдер қабылданды.
Сессия отырысын аудандық мәслихат хатшысы Жандос Теңелбаев жүргізіп, күн тәртібіндегі бірінші және екінші мәселе бойынша баяндап, туындаған сұрақтарға тиісті жауаптар мен ұсыныстар берді. Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша аудан әкімі аппаратының басшысы Ерлан Жетібаев баяндама жасады.Сессия жұмысы бойынша депутаттар тарапынан ешқандай ескертулер мен ұсыныстар туындаған жоқ.
«Қаратал-Ақпарат»