Жолбарыс батыр ауылдық округінің ақсақалдар алқасының төрағасы Ж. БЕЙСЕНБАЕВ:

– «Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқару туралы» Заң

жобасын кеңінен халықпен талқылаудамыз. Заң Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес жергілікті өзін-өзі басқару саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеп, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының құқықтық мәртебесі мен қызметін ұйымдастыруды, жергілікті өзін-өзі басқарудың қаржы-экономикалық негіздерін айқындайтыны анық.

Осы заң жобасында көрсетілгендей елді мекендерді сумен жабдықтауды және су пайдалану мәселелерін реттеуді ұйымдастыру; дене шынықтыру мен спортты дамыту үшін жағдайларды қамтамасыз ету; бос уақытты ұйымдастыру үшін жағдайлар жасау; кооперациялар ұйымдастыру; жер пайдалануға байланысты мәселелерді шешуге өзгерістер енгізілген. Ауылды көркейтіп, абаттандыруға және ауылдың өмірін жақсартуға нақты іс-шаралар көрсетілген. Ауыл тұрғындары заң жобасын толық қолдайды деген сенімдемін.

 

 

 

By karatal

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *