Қазақстан халқына» қорынан 130 науқасты аса қажетті дәрімен қамтамасыз ету үшін 15,3 млрд теңге жұмсалған. Бұл туралы аталған Қордың баспасөз қызметі хабарлады.

Қор 15,3 млрд теңгеден астам қаржыға сирек әрі созылмалы аурулары бар 130 науқасты дәрілік заттармен қамтамасыз етті. Олардың 118-і – орфандық ауруға шалдыққан науқастар.

Барлығы 20 түрлі дәрі сатып алынған. Олардың ішінде жұлын бұлшықет атрофиясы бар балаларға қолданылатын әлемдегі ең қымбат дәрілік зат – «Золгенсма» («Онасемноген абепарвовек») бар. Онкологиялық және онкогематологиялық дерті бар пациенттерге, сондай-ақ Дюшеннің бұлшықет дистрофиясы, муковисцидоз, туа біткен липодистрофия, жүйелі қызыл жегі, өкпенің лимфангиолейомиоматозы, эпилепсияның сирек және фармакорезистентті түрлері, тұқым қуалайтын ангионевротикалық ісіну, жасөспірімдердің идиопатиялық артриті, пароксизмальды түнгі гемоглобинурия ауруы, атипті гемолитикалық-уремиялық синдром сияқты диагноздары бар емделушілерге арналған дәрі-дәрмектер сатып алынды. Қор тарапынан қолдау көрген балалардың бірі – Таира Мұхтар. Нейробластома диагнозы қойылған балаға ремиссияға шығу үшін «Карзиба» («Динутуксимаб бета») препараты беріліп, иммунотерапия курсынан өтіп жатыр. Дәрінің 1 құтысының бағасы – 6 898 600 теңге. Таираның емдік курсы үшін 25 құты сатып алынды. «Карзиба» – Қазақстанда тіркелмеген, ауыр түрдегі нейробластоманы емдеуге арналған қымбат дәрі.

Еске салсақ, «Қазақстан халқына» қоры ауыр сырқаттары бар науқастарды елімізде тіркелмеген және Қазақстандық ұлттық дәрілік формулярға, сондай-ақ ұлттық емдеу хаттамаларына енгізілмеген дәрілік заттармен қамтамасыз ету міндеттемесін алған. Бүгінгі таңда Қор жасалған келісім-шарттар немесе келіссөздер жүргізу аясында 124 емделушіні өмірлік маңызды препараттармен қамтамасыз ету жұмысын жалғастырып жатыр.

 

By karatal

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *