✔️Жұмыс берушілер қызметкерлері үшін – жалақының 3% мөлшерінде 10 ЕТЖ артық емес немесе 21 мың теңге.

✔️ Қызметкерлер, оның ішінде АҚС шарты бойынша жұмыс істейтіндер – табысының 2%, 10 ЕТЖ артық емес немесе 14 мың теңге.

✔️Жеке кәсіпкерлер (ЖК) ЕТЖ-ның 1,4 еселенген мөлшерінің 5%-ы немесе 4 900 теңге.

✔️ Өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар немесе БЖТ төлеушілер: республикалық және облыстық маңызы бар қалалардың тұрғындары үшін БЖТ көлемі 1 АЕК құрайды, яғни 3 450 теңге.

✔️Қалған елді мекендердің тұрғындары үшін БЖТ көлемі 0,5 АЕК құрайды, яғни 1 725 теңге.

✔️ Дербес төлеушілер – 1 ЕТЖ 5% немесе 3 500 теңге. Мемлекет 15 жеңілдік санатына кіретін азаматтар үшін төлем жасайтынын еске сала кетейік.

✔️ 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап азаматтардың жеңілдікті санатындағы 1 адамға жарна мөлшері Мемлекет жарналарын есептеу объектісінің 1,8% құрайды. Бұл мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган айқындайтын ағымдағы қаржы жылының 2 жылының алдындағы орташа айлық жалақы.

«Қаратал-Ақпарат»

 

By karatal

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *