Алакөл ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында «Алматы облысының ауыл жастарының одағы» ЖҚБ ұйымдастыруымен «Тіл – Тәуелсіздік тірегі» тақырыбында ақындар мүшәйрасы өтті.

Байқау ауданның 14-29 жас аралығындағы жастар арасында, жастар бойында адалдық пен сенімділік, парасаттылық және сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру, отансүйгіштікті кеңінен насихаттау, жас ақындар шығармашылығын қолдау мақсатында өтті.

Байқауға  қатысқан 11 жас ақын қазақ ақындарының тіл туралы бір өлеңін оқып, «Тіл – Тәуелсіздік» тақырыбына арнау шығарып, мәнерлеп жатқа айтудан бақ сынады. Мүшәйраға ақын, әрі  ұстаздар Қ.Нүсіпқан және Қ.Иманғалиев әділ қазылық етті. Төрешілер жас ақындарды көркем мәтіннің орындалу шеберлігі, өлең-жырларындағы сөз қолданысы, ұйқасы, дауыс мәнері мен тіл тазылығы, сахна мәдениеті мен киім үлгісін сақтау критерийлері бойынша бағалады.

Байқау қорытындысы бойынша жүлделі ІІІ орынды Жанама ауылдық округінен Ж.Сейдіғалымова, II орынды Ынталы ауылдық округінен А.Өмірсерік және жүзден жүйрік атанып, І орынды Арқарлы ауылдық округінен М.Нүркенұлы иеленді. Жеңімпаздар мен қатысушылар аудан әкімі орынбасарының дипломы және алғыс хаты мен ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

 

Айгүл ХИАГ,

Алакөл ауданының ішкі саясат, мәдениет,

тілдерді дамыту және спорт бөлімінің бас маманы

 

By karatal

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *