Ағымдағы жылдың 20 қаңтарында сағат 13.36-да Жетісу облысы Қаратал ауданы Үштөбе қаласында, жеке тұрғын үйде көлемі 5 л. газ баллонының жарылысы орын алды, кейіннен 100 шаршы метр аумағында үйдің жануы болды. Оқиға нәтижесінде медициналық мекемеге төрт адам, оның ішінде бір бала жатқызылды (1956 және 1980 ж.т. әйел адамдар, олар денесінің 40-50% күйіктерімен жансақтау бөлімінде, орташа ауырлықтағы 1961 ж.т. ер адам қолдың күйігі және 2019 ж.т. бала қол мен аяқтың жеңіл күйіктерін алған).

Жетісу облысы ТЖД 5 қызметкер және 2 бірлік техника күшімен өрт сағат 14.15- те жойылды.

By karatal

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *