Қаратал ауданының су жаңа аудан әкімі Ұлан Досымбеков елді мекендердегі өзекті мәселелермен танысу үшін аудан орталығынан 200 шақырым жерде орналасқан Қызылбалық ауылдық округіне қарасты Көпбірлік, Қарақұм ауылдарын, Бәйшегір ауылдық округінің Алмалы ауылында болды. Бұл жөнінде аудан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Тұрғындармен кездесіп жергілікті жердегі мәселелерді тыңдаған соң, ауыл маңындағы “Қарақұм балық” ЖШС барып, қазіргі жағдайын көрді. Шаруашылықтың балық өнімдерін 4 мемлекетке өткізуге рұқсаты бар. Жоспарында Балқаш көлінің жағалуынан жер алып, балық өңдеу цехін ашып, кәсібін кеңейту бар. Қарақұм ауылында 90 түтін, 400-ден аса халық тұрады. Айтуларынша интернет желісін өз күштерімен тартуға тырысқан, алайда 8 шақырымдық жердің жұмыстары аяқсыз қалғанын айтты. Аудан әкімі күн жылысымен интернет желісін толық жүргізіп, іске қосып беретінін айтты.

Сапарға Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасынан арнайы мамандар да шақыртылып,

“Аққайыр” каналын қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізу мақсатында аудан әкімімен бірлесіп каналға толық тексеріс жасалып, шалғайдағы халыққа құқық бұзушылықтын алдын алу, мал ұрлығын азайту үшін өлкелік полиция қызметкері тарапынан әңгімелесу жұмыстары жүргізілді.

By karatal

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *