Бәйшегір ауылдық округінің Алмалы ауылының тұрғыны Асқат Омар:
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес жергілікті өзін-өзі басқару саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеу үшін жергілікті өзін-өзі басқару органдарының құқықтық мәртебесі мен қызметін ұйымдастыру, олардың қаржы-экономикалық негіздерін айқындау үшін Қазақстан Республикасының жергілікті өзін-өзі басқару туралы заңының жобасы қоғам талқысына ұсынылып отыр. Заң шеңберінде жергілікті қоғамдастықтың рөлі, міндеттері мен қоғамдық кеңес құру тәртібі, мүшелерін сайлау тәртібі толық көрсетілген. Заң жобасы шеңберінде ауылды көркейтіп, абаттандыру, жергілікті жерде спортты дамыту, ұлттық, мәдени дәстүрлерді дамытуға, жер мәселелерін шешуге және басқа да әлеуметтік мәселелер шешу жолдарына өзгерістер енгізіліп отыр. Сонымен қатар, жергілікті жерде құрылған қоғамдық кеңес өз қызметін жүзеге асыру кезінде ашықтық және бүкпесіздік, қоғамдық пікірді ескеру қағидаттарын ұстануға, жергілікті қоғамдастық мүшелерінің жергілікті өзін-өзі басқару органдарының отырыстарына еркін қатысу мүмкіндігін қамтамасыз етуге баса назар аударылып отыр. Бұл халықтың қолдауына ие болатын заң деп сенемін.