Өз сөзінде Бастөбе ауылдық округінің әкімі Э.Ким 2022 жылдың 22 желтоқсанындағы Жетісу облысы әкімі аппаратының хатына сәйкес «Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқару туралы» ҚР Заң жобаларының негізгі ережелерін талқылау үшін жергілікті қоғамдастықтың мүшелерін жинап, сол ұсыныс негізінде Заң жобасымен таныстыру және баяндама жасау үшін жинағанын айтып кетті.
Бастөбе ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиылысы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқару туралы» ҚР Заң жобаларының негізгі ережелеріне толықтай келісіп, ауыл тұрғындары арасында кеңінен талқылансын деген шешім етті.