2023 жылдың 15 қаңтарда Тастөбе ауылдық округінің әкімі аппараты қоғамдастықтың мүшелерімен жергілікті өзін-өзі басқару туралы заң жобаларының негізгі ережелерін талқылау дөңгелек стол өткізді. Округ бойынша қоғамдастық мүшелері, төрағасы қайта сайланды.

2023 жылдың 16 қаңтарда Тастөбе ауылдық округінің әкімі аппараты ауыл тұрғындарымен, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқару туралы» заң жобаларының негізгі ережелерін талқылау жиынын өткізілді. Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқару туралы» заң жобаларының негізгі ережелерін талқылауда халықтың пікірі ескеріледі, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқару туралы» заң жобаларының негізгі ережелері ауыл тұрғындарына таныстырды. Ол аталған заң жобада халықтың пікірі ескерілетінін айтып, енгізілген өзгерістердің әрқайсысына жеке тоқталып түсінік берді. «Әзірленіп жатқан заң жобасы жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, сондай-ақ мемлекеттік басқару органдарының қызметіне тікелей әсер етеді. Осы Заң жобасы Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес жергілікті өзін-өзі басқару саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының құқықтық мәртебесі мен қызметін ұйымдастыруды, жергілікті өзін-өзі басқарудың қаржы-экономикалық негіздерін айқындайды.

Тастөбе ауылдық округінің бас маманы К.Солтанкулова

 

 

By karatal

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *