Жуырда Жанама ауылында сәні мен сәулеті жарасқан мешіттің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Ашылу рәсімінде алғаш болып аудандық мешіттің ұстазы А.Ахметбаев құран оқыды. Мешіт 150 орынға шақталған, жанында 250 орынды қатымханасы бар.

Айтулы шарада аудан әкімі А.Абдинов ауыл тұрғындарын мешіттің ашылуымен құттықтай отырып, сәулетті мешіттің салынуына ұйытқы болған, жерлесіміз, марқұм Нұрлан Белгібаевтың отбасына көңіл айтып, діни татулық пен елдікті арқау еткен Белгібаевтар отбасына алғысын білдірді. Сондай-ақ, шарада Н.Белгібаевтың анасы А.Мәжікенова, Жанама ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Т.Кенжебаев сөз сөйледі.

Жаңа мешіттің имамы болып Айдар Ахметбаев тағайындалды. Осы орайда ауданның бас имамы Ә.Молдахметов жаңадан тағайындалған имамды таныстырып, қызметіне сәттілік тілеп, Мекке қаласынан келген Құран кітапты табыс етті. Сондай-ақ, Жанама ауылының еңбек ардагері О.Кекбаев бата беріп, мешіттің лентасы қиылды. Ұзындығы 15, ені 15 шаршы метрді құрайтын мешіттің ашылуына келген қонақтар мешіттің ішін аралап, алғашқы намаз оқылды.

 

Алакөл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

 

 

By karatal

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *